Саңырықтар
Саңырықтар, Арал өңірінде мекендеген, Кіші жүздің
Шекті-Жақайым руына кіретін төменгі сатыдағы ру.
Түтін саны бүгінгі күннің өзінде 100-дің төңірегінде.
Жақайымдар ішінде Бердіңғұлдан тарайды.
Рудың тарихы мынандай (Теңізбай ҮСЕНБАЕВ, АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ,"Тұмар", 2003 ж.)
БЕРДІҢҒҮЛ Жақайымұлы.
Шалбура (Тоқбура) Бердіңғүл -> Қиық, Балталы, Жаманша, Қеліс, Дəуле.
Осы бес баладан тараған үрпақтар "Бес Бердінғүл" деп аталады.
Шалбураны кейін ел арасында Тоқбура деп атап кеткен.
I. Қиық -> Мырта, Шора. Мырта Бердіңғүлдың үлкен үлы
Қиықтың тұңғыш үлы болғандықтан "Бес Бердіңғүл-
дың" үлкені болып есептеледі.
П-Ш. Балталы мен Жаманша — екі бала елден көшіп кетіп,
Қарақалпақ елінің "Тақта көпір" маңындағы "Ақүшкіл" деген
ауылына барып қоныстанып, үрпақтары сол елде қалып қойған
дейді. Елге бірлі-жарым қайтып көшіп келгендері де бар. Бүл
екі аталықтың таралымын - үрпақтарын елде ешкім білмеді.
IV. Келіс -> бəйбішесінен — Қожас -> Баби, Сырлыбай, Байғары,
Теке, Жамансары, екінші əйелінен — Саңырық -> Самат,
Əулік, Тоқболат, үшінші əйелінен — Март -> Қарт, Сүгір.
V. Дəуле -> Жылкелді — О, бір қызы болған -> Игілік (жиен
болады).
Осы апамыздың күйеуі (кім екені белгісіз) бір жаугершілікте
шейіт болып кетіпті, апамыз екіқабат жесір қалып, төркініне
қайтып келіп отырғанда босанып, үл туыпты дейді. Сол үлға
атамыз Бердіңғүл, — бүл бала елге игілікті жақсылық əкелсін,- деген
тілекпен Игілік деп ат қойыпты да, бес баламның бірі
Дəуленің ізінен үрпақ тарайтын болды деп қуанып той жасапты.
Сонымен Игілік "Бес Бердіңғүлдың" бірі есебінде саналады.
Тағы да бір жаугершілікте Саңырық пен Шораны қалмақтар
түтқындап алып кетіпті, ал Мырта үлкен тайқазанды төңкеріп
тастап астына жасырынып қалып қойыпты дейді. Қейін ер жетіп
жігіт болған соң Саңырық пен Шора қалмақтардан қашып шығып,
сауда керуеніне еріп, жастай кеткендіктен өзінің туған елінін
қайда екенін білмегендіктен, үзақ жүріп Иранга өтіп кетіпті.
Сол елде жүріп үйленіп, үрпақтап, мал жинап байыған екен
дейді. Қейінірек Бердіңғұлдың Сырлыбайынан шыққан Байсалбай
болыс туыстарын (Саңырық пен Шораны) іздеп Иранға барып,
оның ұрпақтарымен кездесіп, көрісіп, олармен жолығысып
қайтқан еді. Байсалбай бір жылдан кейін Бердіңғүлдың елдегі
басқа балаларының үрпақтарын да Иранға көшіріп апарып қоныстануға
əрекет жасаған еді, бірақ бүлар елден көшпей қойыпты,
ал Байсалбай бастаған жүмысын аяқтай алмай қайтыс бо-
лып кеткен еді дейді. Сонымен, кейін Мырта, Балталы, Жаманша,
Қожас, Игілік үрпақтары "Бес Бердіңғүл" руы атанып елге
осылай тарап кетті. Саңырықтың кейбір үрпақтары елге қайтып
келген, ал біразы сол Иранда қалып қойған.