Интеллект коэффициенті (IQ — intelligence quotient) - адам интеллекті деңгейін бағалау. Білімді адамның орташа IQ — 120, жоғарысы — 140. Қазіргі заманда әлемде әртүрлі интеллектуал тесттер кеңінен таралған. Олар, мысалы, оқу, өндіріс, әскер, кәсіби бағыталу салаларында мамандарды іріктеп алуға үлкен септігін тигізуде. Г. Азенктің классикалық IQ тесті 40 сұрақ қамтиды және 30 минут уақытқа көзделеді. Алдын ала психологиялық дұрыс дайындық керек. Нәтиже Сіздің интеллектіңізді толық жанжақты бағаламасада, Сіздің логикалық мәселерді шешуге дайындығыңызды көрсете алады. Пайдасы болмасада зияны жоқ. Бір тесті жеткілікті уақыт өткізбей, қайталай бермеңіз.